18+

Петропавлда бөбекжай-бақша ашылды

Облыс орталығында «Батыр» бөбекжай-бақшасы ашылды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі «Жас Өркен» ықшам ауданында, жаңадан салынған 9 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан, деп хабаралайды 7152.kz тілшісі.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде  қазақ тілі және орыс тілінде оқытатынекі топ бар. Бөбекжай-балабақшасы таңғы сағат 8-ден кешкі 18:30-ға дейін жұмыс істемек. Тәрбиеленушілердің жасы 2-ден 3 жасқадейін. Мұндағы 44 баланың барлығы да «Индиго» автоматтандырылған жүйедегі кезекке сәйкес мекемеге жолдама алған. Бөбекжайда 22 адам еңбек етеді. Соның 11-і тәрбиеші. Жалпы бұл Петропавлдағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан 2-ші мектепке дейінгі білім беру мекемесі. Бұл балабақша-бөбекжайды ашу үшін бюджеттен 4 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Тағы да оқыңыздар: Облыста 5 жылда 100 млн түп ағаш отырғызылмақ