18+

Саяжайда шыққан өрттен ер адам көз жұмды

Петропавлда «Буревестник» саяжай қоғамындағы  үйлердің бірінде өрт шығып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды 7152.kz  тілшісі.

Өрт кеше, 21 сәуірде орын алды. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіруге екі сағат кеткен. Бір жапсарласа орналасқан үй, монша және гараж отқа ораныпты. Салдарынан 65 жастағы саяжай иесі өрттен қаза болды. Тілсіз жау отты абайсыз пайдаланудан шықты деген алдын-ала болжам бар.

-Саяжай қоғамының  өрт сөндіру бөлімдерінен алыс орналасқандығы және оқиға туралы хабардың кеш түсуі көп әсер етті. Саяжайларда от көбіне пештер мен электр жылыту құралдарын  дұрыс пайдаланбау,  үй ішінде және саяжай құрылыстарының жанында темекі шегуден  шығады. Сонымен қатар, саяжай кооперативтеріндегі от шөп пен қоқысты өртеуден де шығады-деп атап өтті Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мамандары.

Тағы да оқыңыздар: Петропавлда базар орнында 18 қабатты екі үй салынады