18+

27 сәуірде Қазақстан бойынша телеарна мен радио жұмысы тоқтатылады

Сейсенбі, 27 сәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланды , деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Министрлік мәліметіне сәйкес, жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

-«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. "Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", – делінген министрліктің хабарламасында.

Тағы да оқыңыздар: Облыс әкімі Азия чемпионына миллион теңгенің сертификатын табыстады