18+

Бүгінгі таңда қазақстандықтарға вакцинацияның қағаз паспорты берілмейді

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде мәлімдеді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі inform.kz сілтеме жасап.

Тұрғындар арасында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті беретін қағаз паспортты ақшаға сатып алуға болады деген ақпарат таралған болатын.

-Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті фирмалық бланкіде қағаз нұсқада ешқандай вакцинация паспортын бермейді. Егер мұндай өзгерістер болса, біз міндетті түрде алдын ала республика бойынша барлық азаматтарға хабарлаймыз. Мұндай мәселе тіпті қарастырылмайды, - деп хабарлады Комитеттен.

Ведомство вакцинацияның жалғыз жарамды паспорты электронды болып табылатынын ескертті. Сондай-ақ Комитетте қазақстандықтарға мұқият болуды және алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуін сұрады.

Тағы да оқыңыцздар:500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды