18+

Қостанайдан қонаққа келген жігіт суға кетті

Ғ.Мүсірепов ауданында солтүстік өңірге достарына отбасымен қонаққа келген қостанайлық жігіт суға кетті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Құтқарушылардың айтуынша, оқыс оқиға 29 мамыр күні Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Урожайная ауылы маңында болған. 28 жастағы ер адамсуға рұқсат етілмеген жерде шомылыпты. Ол жардан өзенге секірген. Жағаға жүзіп келе жатып, иірімге тап болып, батып кеткен.

-1993 жылғы ер адам Қостанай облысының тумасы. Біздің өңірге достарына қонаққа келген. Ауыл тұрғындары мен жақындары бірденқұтқарушыларға хабарласып, 40 минуттың ішінде адамның денесі табылды деді брифингте СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Кирилл Иванников.

Жазғы шомылу маусымы басталмағанымен, облыста 3 адам қаза тапты.

Тағы да оқыңыздар: Облыста саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 2,5 мың адам жәрдемақы алады