18+

«Қызыл аймақтағы» өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту бойынша шаралар қабылданады

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия «қызыл аймақтағы» өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту бойынша шаралар қабылдады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Кешегі күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиында мындадай шешім қабылданды. Тоқтатылсын: «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары;

жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі.

Демалыс және мереке күндері жұмысына тыйым салынсын: қоғамдық көліктің;

«Ashyq» жобасына қатысушыларын қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;

«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, фитнес орталықтардың, фитнес клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;

«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтардың, караокелердің, көрмелердің; «Ashyq» жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің;

«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары); білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;

«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, фудкорттардың.

Жұмыс күндері жұмысы шектелсін: сағат 20.00-ге дейін «Ashyq» жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің;

сағат 18.00-ге дейін «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің;

«Ashyq» жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандарының, фудкорттардың жұмысы – сағат 20.00-ге дейін, «Ashyq» жүйесіне қатыспайтындардың жұмысы – сағат 18.00-ге дейін.

Отырыс соңында вице-премьер мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирусқа қарсы вакциналаумен қамтуды арттыруды тапсырды.

Тағы да оқыңыздар: Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа енді