18+

Қауіпсіздік ережесін сақтамаудан екі адам теміржолда мерт болды

Солтүстік Қазақстан облысында теміржолдағы қауіпсіздік ережесін сақтамаудан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Оңтүстік-Орал теміржолы Петропавл бөлімшесінің мәліметінше, қауіпсіздік ережесін сақтамаудан екі адам теміржолда мерт болды. Былтыр осы мерзімде 4 адам осылай көз жұмған еді. Жалпы биылғы 7 айдың ішінде Оңтүстік-Орал теміржолында пойыз басып кету, электр тогы соғуы секілді 40 жағдай тіркелген. Салдарынан 40 адам жарақат алса, соның 31-і қайтыс болды. Былтыр осы уақытта 27 адам мерт болса, тағы 10-ы жарақат алған. -Көлік оқиғаларын тергеу барысында, оқыс оқиғаларға негізінен адамдардың өзі кінәлі екендігі анықталды. Олар жеке бас қауіпсіздігін сақтамай, теміржолды арнайы белгіленбеген жерден және келе жатқан пойыздың алдынан кесіп өтпек болған, - делінген хабарламада.

Биыл балалар мен жасөспірімдер арасында қайғылы жағдай тіркелген жоқ.

Тағы да оқыңыздар:Интернет арқылы шөп сатып алмақ болған ауыл тұрғыны,алаяққа алданып қалды