18+

Бірнеше адамды интернет арқылы алдаған жігіт Алматыда ұсталды

Солтүстік Қазақстан полицейлері интернет алаяқтықтың бірнеше эпизодына қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы алматылық жігітті ұстады. Күдікті арам ойын  жарнамалық хабарландырулардың танымал сайтында жүзеге асырған. Ол автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектерді төмен бағамен ұсынған, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Петропавл қаласының полиция басқармасына интернет алаяқтық фактісі бойынша бірден бірнеше арыз түседі.  Өзін астаналық сатушы ретінде таныстырған ер адам OLX сайты арқылы шетелдік көліктерге қосалқы бөлшектерді ұсынған. Сатып алушылардан алдын-ала төлем  алғаннан кейін-ол бірден байланысқа шықпай қойған.

Облыстық криминалдық полиция қызметкерлері Петропавл қаласының полиция басқармасындағы әріптестерімен бірлесіп тексеру жүргізді. Нәтижесінде Алматыға қызметтік іссапар барысында 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Ол интернеттегі алаяқтықтың 8 эпизодын жасаған.

Аталған фактілер ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталған адам қамауға алынды, оның барысында оның басқа да ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Жеті ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері 637 хабарландыруды тексерді, оның 61-і сайт әкімшілігі арқылы бұғатталды. Жыл басынан бері облыста интернет-алаяқтықтың 300-ден астам фактісі тіркелді.

Тағы да оқыңыздар: Ресейде жоғалған 4 көлік СҚО-дан табылды