18+

Петропавлда жедел жәрдем көлігі ағашқа соғылды

Петропавлда жедел жәрдем көлігі ағашқа соғылды. Зардап шеккендер бар,  деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Оқиға бүгін таңғы сағат 04.30 шамасында болған. Жедел жәрдем көлігінің соғылып, жанып жатқан сәті әлеуметтік желіде пайда болды. «Газ» маркалы жедел жәрдем көлігін 1966 жылы туған ер адам басқарған. Ол Ғ.Мүсірепов көшесімен Тауфик Мұхамед-Рақымов көшесіне қарай келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Медициналық куәландыру ер адамның спирттік ішімдік ішпегенін көрсетті. Жол-көлік оқиғасынан «Газ» машинасының жүргізушісі жарақаттанды. Медициналық көмек көрсету үшін ол облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Осы оқиға бойынша әкімшілік материал жиналып, процессуалдық шешім шығару үшін Петропавл қалалық полиция басқармасына берілді.

Тағы да оқыңыздар: Тамыз айында карантин талаптарын бұзған өңір тұрғындары 2,5 млн теңге айыппұл төледі