18+

Пандемия басталғалы КВИ-ден 107 солтүстікқазақстандық көз жұмды

Пандемия басталғалы облысымызда індетке шалдыққандар саны 21403 адамға жетіп отыр. 19311 адам емделіп шықты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Өткен тәулікте облыста 159 адамнан COVID-2019 вирусы анықталды. Петропавл қаласында 99 жаңа  жағдай, Қызылжар ауданында 19, Айыртау ауданында 15 адамнан КВИ анықталды. Қалған аудандарда 4 жаңа жағдайдан аспайды. 

Қазіргі таңда инфекциялық стационарлар 47 пайызға толық. Онда 798 адам емделіп жатыр. 69 науқастың жағдайы ауыр. Індет басталғалы 107 адам коронавирустан қайтыс болды. 

Тағы да оқыңыздар: Петропавлда жедел жәрдем көлігі ағашқа соғылды

Погода
14:51, Сегодня