18+

Медициналық мекемелерде видео түсіруге қойылған шектеу алынып тасталды

ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша медициналық мекемелерде дыбыстық, бейне жазба жүргізугіе қойылған шектеу алынды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. «Бас санитар дәрігердің № 38 қаулысындағы 3-тармақты 2) тармақшасы алып тасталсын», - деп жазылған жаңа қаулыда. Аталмыш №38 қаулыда медициналық мекемелерде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салынатыны айтылған болатын.

-Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салынсын, - деп жазылған қаулы мәтінінде. 

Тағы да оқыңыздар: Қазақстан білім беру сапасы бойынша Қытай мен Малайзиядан озды