18+

Облыста алғашқы қар жауды

Дүйсенбі күні  Айыртау ауданына алғашқы қар түсті. «Қазгидромет» РМК филиалының ақпаратына сәйкес, метеостанция Саумалкөл ауылына аздаған қар түскенін тіркеген, деп хабарлайды 7152.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Оның атмосфералық фронттары солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр жауғызады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі.

Синоптиктер мәліметінше, 28 қыркүйек күні өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік бөлігінде, күндіз басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз басым аумағында желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 0-5 градус жылыны құрайды, облыстың солтүстік-шығысында 3 градус аяз болады. Күндіз 3-8 градус жылы.

Погода
14:51, Вчера