18+

Береке ықшам ауданында қамыс жанып жатыр

Петропавлда қамыс жанып жатыр. Қазіргі кезде от 1 га жерге жайылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО ТЖД мәліметінше, қамыстың өртенуі туралы ақпарат, 101 нөміріне 13 сағат 12 минутта түскен. Оқиға орнына бірден өрт сөндірушілер шығады. Қазіргі кезде от 1 гектар жерге жайылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға  Петропавлдың 3 өрт сөндіру бөлімінің мамандары жұмылдырылды. Ол 6 техника және жеке құрамның 20 қызметкері. Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Тағы да оқыңыздар: Жыл басынан 468 жер учаскесі иеліктен шығарылды

Погода
14:51, 2 мая