Осы аптада Қазнетте не талқыланды, 7152.kz шолушысы хабарлайды
Апта ішінде әлеуметтік желіде танымал тұлғаларға қатысты бірнеше оқиға қызу талқыланды. Динара Сәтжанның жүктілігі туралы болжам тараса, рэпер Navai Қазақстанда ұсталды. Ал Мәдина Сәдуақасованың биі желі қолданушыларының сынына ұшырады.
Динара Сәтжанның жүктілігі туралы болжам тарады.
Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанның жүктілігі туралы ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Бұған оның Алматыда өткен BeWoman Asia форумындағы видеосы себеп болған.
Желі қолданушылары тележүргізушінің сырт келбетіне назар аударып, оның сәби күтіп жүруі мүмкін екенін болжаған. Алайда Динара Сәтжан бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.
Рэпер Navai Қазақстанда ұсталды
Ресейлік рэпер Navai лақап атымен танымал Навай Бакиров Қазақстанда есірткіге қатысты күдікпен ұсталды.
Ақпаратқа сәйкес, орындаушы 13 қазанда Қырғызстаннан Қазақстанға кірмек болған кезде Жамбыл облысындағы «Қордай» шекара бекетінде тоқтатылған. Көлікті тексеру барысында есірткі заты табылғаны хабарланды.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, рэпер уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылды. Сондай-ақ оның 14 қазанда Астанада өтуі жоспарланған концерті тоқтатылғаны туралы ақпарат тарады.
Мәдина Сәдуақасованың биі сынға қалды
Қазақстандық әнші Мәдина Сәдуақасованың өзбек әншісі Ахтамбек Юлдашевпен бірге түскен видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланды.
Бейнежазбада әншінің дастархан басында билеп отырғанын көруге болады. Желі қолданушылары оның әрекетіне қатысты түрлі пікір білдірген. Кейбірі әншіні сынға алса, басқалары оны қолдаған.