Таскын
18:36, 13 апреля 2021 г.
Надежный источник

Өзендер арнасынан асты

Таскын
Өзендер арнасынан асты

Әзірге Қазақстанның солтүстігінде тұрғын үйлерді су басқан жоқ. Бұл туралы брифингте СҚО ТЖД бастығының орынбасары Орал Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды 7152.kz. тілшісі.

Құтқарушылар күн сайын өзендер мен көлдердің деңгейін бақылап отыр.Қазіргі уақытта өңірде Айыртау ауданында жолды су басқан. Бірақ ол 15 сантиметрден аспайды және автокөлік қозғалысына кедергі келтірмейді.

- Ауа температурасы күрт жылынғандықтан қар тез еріп,  шағын өзендер арнасынан асып,  таси бастаған.  Бабық бұрлық, Шарық, Иман бұрлық  өзендерінің маңында арнайы әрекет ету топтары кезекшілік етеді.  Сілеті су қоймасындағы су мөлшері асқандықтан кеше  Уалиханов ауданына  мамандар тобы жіберілді - деді Орал Әбдірахманов.

Сондай-ақ, Сергеев су қоймасындағы су арнасынан асқан.Сілеті өзені де тасығалыжатыр. Мамандар Уалиханов ауданымен қатар Үлкен Тораңғұл өзенін де бақылауға алған.Тимирязев ауданына да қызыл судың келу қаупі бар. Елді мекендерді Қостанай облысынан келетін еріген қар су басуы мүмкін.

Тағы да оқыңыздар: Коронавирустан кейінгі синдром және вакцинацияның маңыздылығы туралы қазақстандық дәрігер айтып берді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#таскын #СҚО ТЖД #Үлкен Тораңғұл

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...