Коронавирус
22:40, 13 апреля 2021 г.
Солтүстікқазақстандық психолог халықтың вакцинациядан неге қорқатындығын айтты
Коронавирус
Из открытых источников
Бүгінгі таңда вакцинация өзекті тақырыптардың бірі. Қызылжарлық психолог Болат Ғалиев 7152.kz тілшісіне көпшлік екпе салдырудан неге қорқатынын, қоғамдық сана және пікір, азаматтардың өмір сүру деңгейі оған қалай әсер ететіні жайында өз пікірімен бөлісті.
Маманның пікірінше, вакцинациядан қорқу-бұл қарапайым фобия. Басты қорқыныш-белгісіздік.
-Қорқыныш - бұл біздің табиғи сезіміміз, ол бір нәрсе болуы керек екенін білдіреді,-дейді маман. - Бұл жақсы немесе жаман ба маңызды емес. Мұнда ең бастысы-белгісіздік қорқытады. Егер адамның білімі болмаса, мысалы, қаржы саласында, ал адамдар оған: «ақшаңды сол жерге инвеститцияға сал»,-дейді. Ол ақшаны жинау үшін көп уақытын кетіреді, біраз нәрседен бас тартуы мүмкін. Бұл ұстаным бір жақты болуы мүмкін. Бірақ, болашақта ол сол ұстанымды ақтап шығуы ықтимал. Олай болмауы да мүмкін. Осыдан белгісіздік туады.
Психолог қорқыныш дегеніміз - белгілі бір білімі немесе ақпараты жоқ адамның алдын-ала асығыс қорытынды жасайтындығының көрсеткіші деп отыр.
- Вакцинация тақырыбы өткір, себебі басты байлығымыз денсаулыққа қатысты. Жаппай чиптеу, әлемдік қастандық және т.б. сияқты алып-қашпа әңгімелер медицина саласындағы ағарту тақырыбын қиындатады. Блогерлердің, қоғамдық пікір көшбасшыларының кейбір әдейі айтылған болмашы мәлімдемелері вакцинацияны теріске шығарады. «Тобырлық ойлау» бұрыннан қалыптасқан. Мысалы, жұрт бір жерден Билл Гейтс адамдарды чиптейді дегенді оқып алған. Соған сенеді. Өйткені бұл тиімді позиция" - деді спикер.
Ғалиевтің пікірінше, вакцинация тақырыбы және оған қатысты сын, елдегі өмір сүру деңгейіне де тікелей байланысты.
- Адамдар коронавирусты дамыған елдердегідей қауіп ретінде танымайды, өйткені ақпарат аз. Қазір адамдар бәрін теріске шығарады. Алайда, статистика және вакцинацияланғандардың тәжірибесі мен басқа мемлекеттердің нәтижелері жағдайды өзгертуге көмектеседі. Бізде көптеген адамдар елдің және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының беделін қабылдамайды. Өйткені әркім өзін сарапшы деп санайды. Егер локдаун енгізілмеген Швецияны ескеретін болсақ, бұл тұрғындардың жауапкершілігімен тікелей байланысты, - деді сарапшы.
Психологтың пікірінше, егер адам толық ақпаратқа қанық болмаса және оны қабылдағысы келмесе дұрыс таңдау жасай алмайды.
- Бізде ұсыныс сипатындағы барлық нәрсе іс жүзінде зорлық-зомбылық болып табылады, бұл өз кезегінде демократия қағидаттарына қайшы келеді. Бірақ бұл жағдайда халықтың білімі аз, ақпараты аз болса қалайша дұрыс таңдау жасай алады? Интернет ақпаратты тез жеткізеді, адамдар оны бұрмалап, өздеріне ыңғайлы түрде қабылдайды - деді Болат Ғалиев.
Санитарлық нормалар мен мамандардың ұсыныстарын орындаудан бас тарту, психологтың пікірінше, адамның эгоизмімен тікелей байланысты, «өзінен басқаның бәрі кінәлі» деген ұстаным.
- Біз «тегін» деген нәрсеге үйреніп қалдық: басқалары бізге емес, мемлекетке де қажет екенін айтады, көрсетеді. Бұл құрбандық позициясы. Сондай-ақ, бізде қабылдау таңдамалы түрде жұмыс істейді. Ғылымға қарағанда, балгер, көріпкел, бақытты адамдарға сену оңайырақ. Өйткені біріншісі "Баунти", ал екіншісі – «оқу, білім алу керек» деп ұсынады. Осы арқылы ғана сіз жауап таба аласыз. Адам өзіне пайдалы нәрсеге сенеді. Қазір ертегіге, құтқарушыға сенетін адамдар көп, ал жеке жауапкершілікті алғысы келетіндер аз, - деп түйіндеді сарапшы.
Тағы да оқыңыздар: Коронавирустан кейінгі синдром және вакцинацияның маңыздылығы туралы қазақстандық дәрігер айтып берді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:32
Вчера
Пропала жительница Петропавловска 1938 года рождения, в ее двухкомнатной квартире живут новые хозяева
Тревожный звонок
16:24
Вчера
16:00
Вчера
14:07
Вчера
10:42
Вчера
19:32
6 декабря
18:24
6 декабря
ТОП новости
Объявления
19:18, 4 декабря
14:45, 25 ноября
16:34, 3 декабря
45
live comments feed...
Комментарии