Су тасқыны
17:03, 14 апреля 2021 г.
Сергеев су қоймасынан су жарты метрге жақын асып-төгіліп жатыр
Су тасқыны
фото: https://informburo.kz/
Қазіргі таңда су тасқыны қауіпі жоғары Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Уәлиханов аудандарында төтенше жағдай қызметкерлерінен құралған арнайы топтар жұмыс істеп жатыр. Олар өзендердің су деңгейін бақылауда ұстап, күнделікті мониторинг жүргізеді. Бүгін дәл осындай топ Тимирязев ауданына аттанды, деп хабарлайды 7152.kzтілшісі.
СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камаловтың айтуынша, аудандардақұтқарушылардан құралған жасақтар су басу қаупі жоғары елді мекендерде кезекшілік атқарып жатыр. Өткен тәулікте ғана республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың 6 учаскесін су басты, екеуінде бүгінгі күні жағдай тұрақты.
- Еріген қар суы 18 ауылды басуы мүмкін, 36 елді мекен шағын өзендердің маңайында орналасқан. Үлкен Тораңғұлтасыған жағдайда, 15 ауылдың су астында қалу қаупі бар. Алайда әзірге, бір де бір үйге су кірген жоқ, -деді Рамиль Камалов.
Мамандардың айтуынша, Сергеев су қоймасындағы жағдайды реттеу мүмкін емес. Яғни су төмен ағып, 10 күннен кейін Петропавлға келмек. Қазір бәрі Сергеев су қоймасына және Ақмола облысындағы ахуалға тікелей байланысты екен. Әзірге Сергеевка қоймасынан су 54 сантиметрге асып-төгіліп жатыр.Ал 2017 жылғы қатты су тасқыны болғанда бұл көрсеткіш 3 метрден асқан еді.
Тағы да оқыңыздар: Қызылжар өңірінде бүгін үшем дүниеге келді
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:32
Вчера
Пропала жительница Петропавловска 1938 года рождения, в ее двухкомнатной квартире живут новые хозяева
Тревожный звонок
16:24
Вчера
16:00
Вчера
14:07
Вчера
10:42
Вчера
19:32
6 декабря
18:24
6 декабря
ТОП новости
Объявления
19:18, 4 декабря
14:45, 25 ноября
live comments feed...
Комментарии