• Главная
  • Петропавлда «Ashyq» қосымшасы бойынша алғашқы QR-код берілді
«Ashyq» қосымшасы
18:10, 16 апреля 2021 г.
Надежный источник

Петропавлда «Ashyq» қосымшасы бойынша алғашқы QR-код берілді

«Ashyq» қосымшасы
Ашық дереккөзден алынды

Ашық дереккөзден алынды

Облыс орталығында «Ashyq» қосымшасы бойынша алғашқы QR-код берілді. Бұл қосымшаның көмегімен кәсіпкерлік субъектілер өңір «қызыл» аймақта болса да жұмыс істеуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

«Ashyq» мобильді қосымшасы бойынша QR-кодты алғашқылардың бірі болып «SKIF HOTEL & SPA» қонақүй кешені алды. Оны пайдалану және ПТР ортақ базасымен интеграциялау есебінен келушінің мәртебесін, яғни вирустың тасымалдаушысы болып саналатынын немесе саналмайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Мекемеге кіру үшін келуші өзінің смартфонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизациялануы, ЖСН енгізуі және өзінің келуін тіркеу үшін мекеменің QR-кодын және шығу кезінде QR кодты сканерлеу керек. Сондай-ақ, бағдарлама клубқа демалыс күндері де жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әзірге шаһар бойынша 5 мекеме QR-кодқа сұраныс берген.

-«Ashyq» қосымшасының бизнеске беретін артықшылықтары: егер нысан орналасқан аймақ «қызыл аймақта» болса, оған «сары аймаққа» сәйкес шектеу критерийлері қолданылады, егер «сары аймақ» болса, «жасыл аймаққа» сәйкес шектеу критерийлері қолданылады. Қаланың кәсіпорындары арасындаQR-кодқа сұраныстар бар. Ақырындап, бәріне кодтарын тарататын боламыз,деді СҚО облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

Тағы да оқыңыздар: Петропавлда жатақханалардың бірінен өрт шықты

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #«Ashyq» мобильді қосымшасы #жаңашылдық

Комментарии

Объявления
live comments feed...