Элиталық тұрғын үй құрылысы
20:12, 21 апреля 2021 г.
Надежный источник
Петропавлда базар орнында 18 қабатты екі үй салынады
Элиталық тұрғын үй құрылысы
Көтерме сауда базары орнына бір жарым жыл ішінде 16-қабатта террасалары бар, екі деңгейлі паркингі, балалар мен спорт алаңдары бар элиталық тұрғын үйлерді салу жоспарлануда. Құрылыс маусым айында басталады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Бүгінгі таңда базарда 1500 қала тұрғыны жұмыс істейтін 240-қа жуық сауда орны бар. Ай сайын мұнда облыстың 200 мың тұрғыны сауда жасайы.Олар үшін халық арасында «ЦОТ» деген атқа ие базардың көшуі туралы жаңалық күтпеген жағдай болды. Көтерме сауда орталығының орналасқан жері бір айдан кейін өзгереді. Енді ол үлкен құрылыс базарының аумағында болады. Ал мұнда үлкен құрылыс жұмыстары басталады. «Бұл жаңалықты әр саудагер әтүрлі қабылдады,- деді «ЦОТ»ЖШС директоры Александр Фомин.
-Базардың көшетінін әркім әртүрлі қабылдады. Кейбіреулер үйренген жерлерін қимайды. Отбасыларымен сауда жасап жүргендер де бар. Менің ойымша, жаңа жер біздің жалға алушылардың көңілінен шығады деп ойлаймын. Себебі орын көп, автотұрақтар көп болады. Бағдаршам қойылады, жаяу жүргіншілер өткелдерін жабдықтайды, автобус маршруттарын ұзартады. Мүмкін бастапқы кезеңде аздап шығын болуы мүмкін. Бірақ нәтижесінде артықшылықтар көп. Табыс болады,- деп түсіндірді Александр Фомин.
Базарды көшіру үшін шамамен 70 миллион теңге кетеді. Көшіру жұмыстары 17 мамырдан басталып, үш апта ішінде толығымен аяқталады деп жоспарлануда. Кейін ескі сауда орнында құрылыс басталады. Бүгін "KZ" тұрғын үй кешенінің жобасы өңір басшысы Құмар Ақсақаловқа таныстырылды.
- "KZ" ТК-бұл 18 қабатты екі тұрғын үй, - деді Александр Фомин. - Төменде коммерциялық үй-жайлар орналасады, олардың арасында екі деңгейлі тұрақ болады. Үйлердің өздері заманауи материалдардан жасалған, паркингтің үстінде ойын алаңы болады. Кіреберіске кіру "Мельница"СҮ жағынан жүзеге асырылады. Ғимараттың биіктігі - 67 метр, бұл Петропавлдағы ең биік ғимараттар болады. Сондай-ақ, бізде 16-қабатта террассалары бар эксклюзивті пәтерлер бар. Болашақта осы үйді салғаннан кейін басқарушы компания біздікі болады, өйткені оның аумақтарды заманауи форматта басқару тәжірибесі бар.
СҚО әкімі кәсіпкердің бастамасын қолдады. Петропавлда мұндай деңгейдегі тұрғын үй алғаш рет салынып жатқанын атап өтті. Болашақта жобаны Интернационал көшесіне қарай кеңейтуді ұсынды.
- Мына кварталды толық қамту үшін тағы екі бірдей үйдің құрылысын жоспарлау керек деп ойлаймын. Базарларды орталықтан тазарту керек, сіз қабылдаған шешім өте дұрыс. Сонымен қатар, бұл аумақ абаттандырылып, жақсы тұрғын үй болады. Жалпы, өткен жылы қала бойынша 24 көпқабатты үй пайдалануға берілді, құрылыс 48 алаңда жүргізілді. Биылолардың саны 56. Осы жылы 340 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруіміз керек, бұл шамамен 3500 пәтер,-деді Құмар Ақсақалов.
Тұрғын үй кешенін астаналық компания салады.
Тағы да оқыңыздар: Облыстағы ҰОС ардагерлері мен мүгедектері Жеңіс күніне орай миллион теңгеден алады
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:00
19:32
Вчера
18:24
Вчера
ТОП новости
Объявления
16:34, 3 декабря
45
16:34, 3 декабря
56
live comments feed...
Комментарии