сенбілік
21:13, 24 апреля 2021 г.
Надежный источник
Облыс әкімі қала тұрғынының үндеуін қолдады
сенбілік
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов қала тұрғынының үндеуін қолдады.Ол сенбілікке қатысып, С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры маңындағы саябақты қоқыстан тазартуға ат салысты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Осыдан біраз уақыт бұрын қала тұрғыны әлеуметтік желі арқылы облыс әкіміне театр маңындағы саябақ халық үшін қолжетімсіз, деп үндеу айтқан болатын. Құмар Іргебайұлы жерлесіміздің үндеуін қолдады. Ол сенбілікке қатысып, аталмыш саябақты қоқыстан тазартты. Сонымен қатар алаңды қалыпқа келтіру керектігін, өзініңфейсбуктегі жеке парақшасында жазды.
- Жақында әлеуметтік желілерде қала тұрғынының С.Мұқанов атындағы қазақ театрының жанындағы саябақ халыққа қол жетімді емес деген үндеуі болды. Мен бұл ұсынысты қолдаймын.Қоршаулар бұзылды, бүгін біз сенбілік өткіздік. Биыл бұл алаң жөнделіп, тұрғындар үшін жақсы демалыс орнына айналады- деп жазды облыс әкімі.
Сонымен қатар, өңір басшысының айтуынша, саябақтарды жаңарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылы 5 жаңа саябақ салынды. Биыл 7 саябақ ашылады. Брусиловский көшесіндегі саябақ ұзартылады. Жуков көшесінде әдемі аллея жасалады. Қуыршақ театрының жанында балаларға арналған саябақ құрылады. Жаңа қазақ театрының жанында және Алтынсарин көшесінде де жаңа саябақ пайда болмақ. ⠀
-Биыл абаттандыру жұмыстары да жалғасады. Төрт жылда 386 аула жөнделді, биыл тағы 82 аула өзгереді. Былтыр 45 тегін автотұрақ істелді, биыл тағы 47 тұрақ жасаймыз- деп жазды әлеуметтік желіде Құмар Ақсақалов.
Тағы да оқыңыздар: Петропавл қаласының маңында Есіл өзені тасып жатыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Казахстанский продюсер соревнуется с Голливудом, а депутат предлагает ввести в УК статью «Похищение невесты»
Обзор казахской прессы
17:37
Вчера
16:26
Вчера
ТОП новости
Объявления
19:18, 4 декабря
16:34, 3 декабря
56
live comments feed...
Комментарии