• Главная
  • Солтүстік Қазақстанда 300-ден астам мұқтаж отбасыға гуманитарлық көмек көрсетілді
гуманитарлық көмек
15:54, 26 апреля 2021 г.
Надежный источник

Солтүстік Қазақстанда 300-ден астам мұқтаж отбасыға гуманитарлық көмек көрсетілді

гуманитарлық көмек
Солтүстік Қазақстанда 300-ден астам мұқтаж отбасыға гуманитарлық көмек көрсетілді

«Возрождение» Солтүстік Қазақстан немістер қоғамы»қоғамдық бірлестігі Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында тұратын аз қамтылған 306 отбасыға азық-түлік жеткізді. Акция Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон» компаниясымен бірлесе әзірлеген "Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасы аясында өтті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Мұқтаж адамдарға азық-түлік пакеттерін ұйымдастыру және жеткізу бойынша "Жақсылық кезеңі" жобасы екі айға созылды. Осы уақыт ішінде қоғамдық бірлестік қызметкерлері мен еріктілер 306 отбасын, оның ішінде карантин енгізілгеннен кейін  қиын жағдайға тап болған 46 қалалық үйелменге  қол ұшын созды.

Қоғамдық бірлестікке мұқтаж азаматтардың тізімін жасауға ауылдық округ әкімдіктері, жергілікті мектеп мұғалімдері, еріктілер, белсенділер мен әлеуметтік педагогтар көмектесті.

- Жобаға СҚО бойынша 50-ге жуық волонтер және 20 белсенді қатысты,-деді «Возрождение «Солтүстік Қазақстан немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Римма Лотц. – Біз жеткізген әрбір азық-түлік пакетінің салмағы 24 келі. Онда жарма, макарон, қант, шай, май секілді ең қажетті деген азық-түлікті салынды. Осындай қиын уақытта  мұқтаж адамдарды қолдауға мүмкіндік бергені үшін "Qolda 2.0" шұғыл жәрдем бағдарламасына рахмет.

Азық-түлік пакеттерін тұрмысы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, сондай-ақ елдің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударғандар алды.

- Қоғамдық бірлестікке алғыс айтып, ризашылық білдіріп жатқандар көп. Олар таңданыстарын жасырған жоқ. Жылы қабылдады. Кейбірі көздеріне жас алды. Өлең арнағандары да бар. Жақсы пікірлер айтты, алғыстарын әлеуметтік желелер арқылы да жеткізді. Олар риза және біз өте қуаныштымыз. Егер мұндай акциялар болса, әрине, біз қатысамыз, - дейді Римма Лотц.

«Возрождение» Солтүстік Қазақстан немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Qolda 2.0» шұғыл көмек бағдарламасы аясында гуманитарлық грант алған 6 ҮЕҰ бірі болып табылады. 2021 жылғы ақпанда өткізілген конкурс барысында Қазақстанның бес облысынан алты ҮЕҰ (Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола) онкологиялық науқастарға, зейнеткерлерге, ҰОС ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, бұрынғы сотталғандарға және мүгедек балаларға гуманитарлық көмек көрсетуге жалпы сомасы 21,4 млн теңге грант алды.

Айта кетейік, «Qolda» шұғыл көмек бағдарламасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) "Шевронкомпаниясымен серіктестікте әзірлеген.

Тағы да оқыңыздар: Самал Еслямова тағы да үздіктер қатарынан табылды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #гуманитарлық көмек #мұқтаж жандарға көмек

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...