• Главная
  • Облысқа отандық вакцина жеткізілді
QAZVAC вакцинасы
17:32, 26 апреля 2021 г.
Надежный источник

Облысқа отандық вакцина жеткізілді

QAZVAC вакцинасы
  Облысқа отандық вакцина жеткізілді

Солтүстік Қазақстанға отандық QAZVAC  вакцинасы жеткізілді.Ол 2 компонетті. Біріншісін алған адамдар 21 күннен кейін екіншісін егуі тиіс. Әзірге өңірге 2 мың дана препарат әкелінді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының мамандары оны қаланың 4 емханасы мен  Мамлют,М.Жұмабаев және Қызылжар аудандары арасында үйлестіріп берді. QAZVAC екпесін Спутник V вакцинасы сияқты жүкті, бала емізіп жүрген әйелдерге,  асқынған аурулары бар адамдар мен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге алуға болмайды.        

- Қарсы көрсетілімдер болмаса екпені кез-келген адам қабылдай алады.  Бүгін біз екпенің екі түрін де қолданып келеміз.  Алдағы уақытта қытайлық препарат та  жеткізіледі. Оған қоса, бір-екі күнде Спутник вакцинасының 7 мың дозасы әкелінеді деп күтудеміз. Екпе алуға келген адам вакцинаны таңдай алады,-деді СҚО денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Құмар Күсемісов.

Бүгінгі күні облыста коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компанентін 21957 адам алса, екінші компанентті 6030 жерлесіміз салдырып үлгерді. Олардың барлығына Спутник V вакцинасы егілді.

Тағы да оқыңыздар: Солтүстік Қазақстанда 300-ден астам мұқтаж отбасыға гуманитарлық көмек көрсетілді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #СҚО денсаулық сақтау басқармасы #QAZVAC
ТОП новости
Сколько можно тратить на «временные декорации»: В Петропавловске депутаты возмутились «одноразовым» ремонтом на улице Конституции
Благоустройство
В Петропавловске открылась выставка памяти художника Шерияздана Кажимуратулы
Искусство
Экзамены на права под присмотром ИИ, дисквалификация за обман: новые правила для водителей в Казахстане
Права
Правовая аптека: более 1 тысячи североказахстанцев получили юридическую помощь в общественных местах Петропавловска и районов СКО
Прокуратура
Объявления