кәсіпкерлік
15:21, 27 апреля 2021 г.
Надежный источник
Облыста биыл «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 750 адам оқытудан өтеді
кәсіпкерлік
26 сәуірде Республика бойынша «Бастау Бизнес» кәсіпкерлікті оқыту жобасы басталды.Биыл кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бұл жоба аясында облысымызда жоспар бойынша 750 адам бизнес негіздерінен білім алады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Бұл игі жоба 2017 жылдан бастап «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. Осы жылы да жоба елдегі карантиндік шектеулерге байланысты онлайн түрде өткізілуде.Оқыту 4 кезеңен тұрады. Әр топта 80 адамнан оқытылады. Бір дәріс алу курсы 21 күнге шақталған. «Атамекен академия» веб порталында қажетті барлық оқыту материалддары бекітілген. Барлық сабақтар бейнеролик негізінде көрсетіледі.
- Сабақтар 12 модульден тұрады. Олар қаржыны жоспарлау, маркетинг, бизнес идеялар бойынша және тағы басқалары бар. Оқыту аудан орталықтарында да жүргізілуде.Онда да топтар ашылып кеңесшілер қызмет атқаруда. Оқушылардың жас ерекшелігі 18 жастан зейнет жасына дейін жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтығандар. Оқытудан бөлек бизнес тренерлармен конференциялар ұйымдастырылып тұрады. Сондай-ақ банк, салық саласының қызметкерлері жекелей кеңестер өткізіп отырады, - дейді бизнес-тренер Елена Коняхина.
200 АЕК мемлекеттік грантты жеңіп алу үшін «Бастау Бизнес» жобасына қатысушы алдымен өз жобасын комиссия алдында тиісті деңгейде қорғауы шарт. Грант тек комиссия шешімімен ғана беріледі. Егер қаржы 3 ай көлемінде мақсатты жұмсалмаса, онда грант мемлекетке қайтарылады.
Тағы да оқыңыздар: Облысқа отандық вакцина жеткізілді
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:00
19:32
Вчера
18:24
Вчера
ТОП новости
Объявления
22:39, 23 ноября
16:34, 3 декабря
56
19:18, 4 декабря
live comments feed...
Комментарии