• Главная
  • Петропавлда жол жиегіндегі ағаш құлады
ТЖ
15:27, 28 апреля 2021 г.
Надежный источник

Петропавлда жол жиегіндегі ағаш құлады

ТЖ
Петропавлда жол жиегіндегі ағаш құлады

Қаланың дәл орталық көшелірінің бірі, Бөкетов көшесі Еуразия базары жанында, жол жиегіндегі ағаш опырылып құлады. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. Ағаш құлаған сәтте жаяу жүргіншілер де, жолдың бойында тұрған көлік те болмаған, деп хабарлайды тілшісі. 7152.kz тілшісі.

Оқиға орнына бірден "Коммунхоз" ЖШС жұмысшылар бригадасы шығып, жолдан ағашты алды. Айта кету керек, Петропавлда қазір мыңнан астам ағаш шірік, яғни апатты деп танылған.Әсіресе кәрі ағаштарды кесу жайында өтініштерді мектеп директорлары жолдайды екен. Себебі білім ордаларының маңындағы жасыл желектер ондаған жылдар бойы өсіп тұр.

ТҮКШ бөлімінде ағаштарды кесу, қаланы көгалдандыру жұмыстары аясында жүргізілетінін хабарлады.

- 1300 ағаш отырғызылады,- деді Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова. - Бұл шырша, қарағай, ірі көлемді терек, қайың, жөке және 13 390 метр бұталы қоршау.

Тағы да оқыңыздар: Шал ақын ауданында жүк көлігі аударылды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #ағаш құлады #оқыс оқиға #ТҮКШ

Комментарии

Объявления
live comments feed...