мектеп
18:18, 29 апреля 2021 г.
Надежный источник
Петропавл мектептерінің бірінде флешмоб ұйымдастырылғаннан кейін 11 оқушы ауырып қалды
мектеп
Петропавлда мұғалімдер 1 мамыр мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бейнеролик жазу үшін екі сағат бойыондаған оқушыны жеңіл жейде, көйлекпендаладатұрғызып қойған. Осыдан кейін тек бір сыныпта 11 бала ауырып қалды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Мектеп оқушыларының ата-аналары сайт редакциясына шағымданып хабарласты. Оқиға кеше, 28 сәуірде № 25 қазақ орта мектебінде болған. Бұл Береке шағын ауданындағы жаңа оқу орны. Ата-аналардың айтуынша, балалар педагогтардың жетекшілігімен Қазақстан халқының бірлігі күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған флешмоб дайындапты.
- Түсірілім 15.00-де басталып, 17.00 - де аяқталды, осы уақыт ішінде барлық балалар жұқа жейдеде далада тұрды, - деді ата-аналардың бірі. – Сонымен қатар, олардың қарындары ашты , өйткені олар 07.45 мектепке кеткеннен кешке дейін сонда болды. Балалар әбден тоңды.
Бүгін сабаққа 4 "А" сыныбының тек 9 оқушысы ғана келген.Қалғандары дене қызуы көтереліп, үйлерінде қалыпты.
-Бұған кім кінәлі? Әрине, біздің бұл сұрақтарымызға жауап ретінде кешірім сұрайтын және бұл «патриотизм» деп айтатын басшылардың кемшіліктері –дейді ата-аналар.
Оқушылардың ата-аналары жіберген суреттердемұғалімдер сыртқы киімде, ал балалар жұқа көйлек, жейдемен тұрғанын көруге болады.Бірақ бұл ешкімді алаңдатпаған секілді. Мұндай флешмобты ұйымдастыруға кім мұрындық болғанынбілу үшін мектеп директорынан сұрадық.
-Кеше біз далада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған үш минуттық бейнеролик түсіргіміз келді, - деді мектеп директоры Сәуле Тұрсынова. - Біз бұл іс-шараны жұмыс жоспарына енгізгендіктен, біреу бастамашы болды деп айта алмаймыз. Барлық балаларға алдын ала ескертілді. Олар пальто, бас киім, етік киіп тұрды. Тек роликті камераға түсірген кезде, сырт киімдерін үш минутқа ғана шешті. Ал дайындық кезіндекиініп тұрды.
Мектеп басшылығы ата-аналарға "Біз Тәуелсіздіктің мұрагерлеріміз" атты есеп беру-тақырыптық іс-шарасын дайындағысы келгенін мәлімдеді. Биыл еліміз Тәуелсіздік мерейтойын атап өтеді. Пандемияға байланысты ҚР-дағы барлық мерекелер онлайн түрде атап өтіледі.
Тағы да оқыңыздар: Петропавл қаласы әкімдігінің шенеунігі пара алды деген күдікке ілінді
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:32
Вчера
Пропала жительница Петропавловска 1938 года рождения, в ее двухкомнатной квартире живут новые хозяева
Тревожный звонок
16:24
Вчера
16:00
Вчера
14:07
Вчера
10:42
Вчера
19:32
6 декабря
18:24
6 декабря
ТОП новости
Объявления
19:18, 4 декабря
live comments feed...
Комментарии