
таза ауа
18:54, 30 апреля 2021 г.
Надежный источник
Петропавлдағы жағымсыз иіс кәріз-тазарту құрылыстарын қайта құрудан кейін жойылады
таза ауа

Ауа температурасының жоғарылауына байланысты атмосфералық ауада күкіртсутектің пайда болуы жыл сайын көктемде қайталанады. Ластанудың негізгі көзі биотоған болып отыр. Ол болса «Қызылжар су» ЖШС –нің балансында тұр, деп хабаралайды 7152.kz тілшісі.
Петропавлдағы жағымсыз иісті жылда, күн жылынған кезде сезуге болады. Ластанудың негізгі көзі биотоғанболып отыр. Ыдырау процестерін тоқтату үшін биотоғанның түбінен барлық тұнбалар шығарылуы керек.
- Биотоған Мамлют ауданына барар жолда орналасқан. Ластанудың себептері органикалық қалдықтардың ыдырауы немесе өндіріс шығарындылары болуы мүмкін. Бұл олқылықтарды жою үшін тоғаннан суды сору, тазарту жұмыстары жүргізілуде - деді «Қызылжар су» ЖШС су бұру кешенінің басшысы Ербол Нәбиев
Мамандардың сөзінше биотоғанның түбін шөгінділерден механикалық және биологиялық әдістермен тазартуға болады. Алайда ең тиімді тәсілі кәріз-тазарту құрылыстарын қайта құру.
- Бұл мәселе кәріз-тазарту құрылыстарын қайта құру жолымен шешілмек. Жоба бар, оның үш кезеңі жүзеге асты. Қайта құру жұмыстары болашақта биотоғанда күкіртсутегінің жиналуына автоматты түрде кедергі жасайды- дейді Петропавл қаласының ТҮКШ бөлімінің меңгерушісі Айбек қоржымбаев
Қайта құрудың 3 кезеңіне 2,5 млрд теңге жұмсалды. Енді мамандар 4-ші соңғы кезеңдіқолға алуды жоспарлап отыр.
Тағы да оқыңыздар: Конфессияаралық келісім аллеясында алғашқы 30 қайың көшеті отырғызылды
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:45
Вчера
17:35
Вчера
16:00
Вчера
15:08
Вчера
13:24
Вчера
4 ноября в календаре: от народного единства до сладких праздников и загадок древнего Египта
Какой сегодня день
12:33
Вчера
Цифровизация по-североказахстански: как регион воплощает в жизнь поручения президента
Послание Президента
12:00
Вчера
ТОП новости
Объявления
18:00, 23 июня