• Главная
  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
бірлік күні
19:21, 1 мая 2021 г.
Надежный источник

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

бірлік күні
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Қазақстандықтар бүгін бірлік пен келісім күнін атап өтуде, деп хабаралйды 7152.kz тілшісі.

Республикамыздың Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес бірлік күні мемлекетімізде 1996 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл мереке Қазақстан Республикасын мекендеп жатқан 130дан астам ұлт пен ұлыстыңбірлік пен татулықта, келісім мен бейбітшілікте өмір сүріп жатқандығының айғағы. Бұл тілі бөлек болғанымен тілегі бір, жүзі бөлек болғанымен жүрегі «Отаным» деп соғатын түрлі ұлттардың достастығының мейрамы.

Қазақ елі ешкімді алаламай, ұлты мен дініне, тіліне бөлмей, өзгенің баласын өзегінен теппей бауырына басып келеді. Еліміздегі этнос өкілдерінің басын біріктіретін шаңырақ Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің өміршеңдігін ділелдеп отыр. Ол халықты біріктіретін, әрқайсысының пікірін тыңдайтын үлкен мінбе болып саналады.

Ел үшін маңызды мерекелердің бірі саналатын бірлік күнінде карантинге байланысты биыл да үлкен жиындар, салтанатты шаралар ұйымдастырылмады.

Әлемді коронавирус індеті шарпымай тұрғанда республикамыздың әр өңірінде келісім мен бейбітшіліктің нышаны ретінде, түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен шерулер ұйымдастырылатын.

Тағы да оқыңыздар: Петропавлдағы жағымсыз иіс кәріз-тазарту құрылыстарын қайта құрудан кейін жойылады

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #Бірлік күні #мереке

Комментарии

Объявления
live comments feed...