• Главная
  • Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
қаулы
18:43, 2 мая 2021 г.
Надежный источник

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

қаулы
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Бас санитар дәрігер карантин шектеулері туралы жаңа қаулыға қол қойды. Ол 3-ші мамырдан заңды күшіне енеді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Қаулыға сәйкес,2021 жылдың 3 мамырынан бастап мешіттер, шіркеулер және басқа да діни орындар аумағында ашық аспан астында, маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ұжымдық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген.

Вакцина алған азаматтар өзге елден келсе ПТР анықтамасы сұралмауы мүмкін. Бірақ вакцина алғанын растайтын құжаты болуы керек. Сол сияқты шетелден Қазақстанға келетін адамдар мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде, теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтама (қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынуы керек. 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, оларды алып жүретін адамдардан да анықтама сұралады және құжаттағы көрсетілген мерзім шекарадан өту кезінде 3 күннен асып кетпеуі тиіс.

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық кампаниялар мен басқа да кеңселердің COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған және соңғы 6 айда COVID-19 ауруымен ауырмаған қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады. Ал ондай міндеттерді қашықтан орындау мүмкін болмаған кезде, жұмыс қалыпты жағдайда жалғасады.

Мұндай талап мәдени нысандар мен санаторийлердің, демалыс үйлері мен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне де қатысты.

 Өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірістік объектілердің жұмыс берушілері, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған және соңғы 6 айда COVID-19-бен ауырмаған жұмысшыларды қашықтан істеуге жіберуге міндетті. Олардың өндірістік объектіде болуы талап етілмейді.

Демалыс, іссапар немесе  денсаулығына байланысты жұмыста  болмаған медицина қызметкерлері, медициналық  ЖОО мен колледждердің студенттері медицина ұйымдарына нәтижесі берілгеніне 3 тәуліктен аспаған ПТР тест анықтамасы немесе COVID-19ға  қарсы вакцина алғанын растайтын құжаты болған кезде жіберіледі. Жаңа қаулы 3-ші мамырдан заңды күшіне енеді.

Тағы да оқыңыздар: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #Жаңа қаулы # карантин # жаңа қаулыға қол қойылды

Комментарии

Объявления
live comments feed...