• Главная
  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталды
білім беру
18:36, 4 мая 2021 г.
Надежный источник

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталды

білім беру
«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталды

Магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламасы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған жыл сайынғы конкурсы басталды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі BAQ.KZ сілтеме жасап.

4 мамырда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің аппараттық кеңесінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған жыл сайынғы конкурстың басталғаны туралы айтты.

Құжаттар 2021 жылғы 4 мамырдан бастап 28 қазанға дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Стипендия үш кезеңде – маусым, тамыз және қараша айларында тағайындалады.

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін 1055 стипендия бөлінді. Олардың ішінен 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламасы бойынша, ал 500 стипендия тағылымдамалардың жаңа «Ғалымдар» санаты бойынша бөлінді.

2021-2023 жылдарға арналған «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде оқу үшін ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне екі және одан да көп академиялық рейтингтердің (QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education) топ-25 позициясына кіретін 27 елден 207 жоғары оқу орны кірді.

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша Басым мамандықтар тізбесі академиялық оқу үшін 80 мамандықты және тағылымдамадан өту үшін 137 мамандықты көздейді.

Тағы да оқыңыздар: Саяжайларын су басқан тұрғындарға 43 млн теңгенің көмегі көрсетіледі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #білім беру # степендия # «Болашақ» бағдарламасы

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...