
Отан қорғаушы күні
11:40, 7 мая 2021 г.
Надежный источник
Бүгін Отан қорғаушы күні
Отан қорғаушы күні

7 мамыр - ҚР Қарулы Күштерінің құрылған күні. Бұл күнді қазақстандықтар Отан қорғаушы күні ретінде атап өтеді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Президенттен басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі қызметіне генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалды.
7 мамыр Қазақстанда мерекелік демалыс күні болып саналады. Мереке қарсаңында Жоғарғы Бас Қолбасшы кезекті әскери шендер беру туралы Жарлыққа қол қойып, ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттайды.
Айта кетейік, биыл да COVID-19 пандемиясына байланысты мерекелік жиын, әскеришеру болмайды.
Тағы да оқыңыздар:Әскери институтта жаңа казарма салынады
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
14:28
Член Общественного совета СКО: «Петропавловску нужен Дом молодежи»
Послание Президента
12:59
12 ноября в календаре: от Дня отца до борьбы с пневмонией — какие праздники отмечают в мире
Какой сегодня день
12:06
ТОП новости
Серийного вора, промышлявшего возле рынка «Океан» в Петропавловске, обезвредили полицейские
Закон и порядок
Водителя под наркотиками поймали патрульные в Петропавловске
Закон и порядок
Объявления
13:36, 1 ноября
18:00, 23 июня