қадір түні
14:00, 8 мая 2021 г.
Надежный источник

Қадір түні - тағдыр түні

қадір түні
Қадір түні - тағдыр түні

Биыл мұсылман жұрты Қасиетті Қадір түнін 8 мамырдан 9 мамырға қараған түні күтеді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Бүкіл күндердің және түндердің сұлтаны атанған қасиетті Қадір түні, Рамазан айындағы ең қасиетті мүбәрак түн болып саналады. Бұл түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар.

Қадыр түні Рамазан айының соңғы он күнінің бірінде болады. Бұл түн туралы Құран Кәрімнің "Қадір сүресінде" айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады.

Бұл түні адамның бір жылғы тағдыры жазылатыны айтылған. Сондықтан жамағат Қадір түнінде намаз оқып, Құран сүрелерін оқып, Алладан кешірім тілеп, береке тілеп, уақытын сауапты іске арнайды.

Тағы да оқыңыздар: Бүгін Отан қорғаушы күні

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #дін #қадір түні

Комментарии

Объявления
live comments feed...