• Главная
  • Отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін атып өлтірді
ПД
21:07, 11 мая 2021 г.
Надежный источник

Отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін атып өлтірді

ПД
Отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін атып өлтірді

СҚО-да әйелін өлтірді деген күдікпен 58 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО ПД баспасөзінің хабарлауынша, оқиға мамырдың 10 күні Тимирязев ауданы орталығында орын алған. Сағат 17.15-те аудандық полиция бөліміне Тимирязеводағы үйлердің бірінен атылған мылтықтың дауысы естілгені туралы хабар түседі. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары үйдің ауласында 1962 жылы туған әйелдің денесін анықтады. Сондай-ақ үйде оқ жарақатын алған 2007 жылы туған қыз болады. Қыз бала ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен, 1962 жылы туған үйдің иесі уақытша ұстау изолятрорына қамалды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам мас күйде әйелімен жанжалдасып, кейін «ИЖ» маркалы қарудан атқан. Нәтижесінде әйел сол жерде көз жұмған. Ал, үйде бірге болған немересі жарақат алды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты тексеру ге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Тағы да оқыңыздар: Ұжымдық діни іс-шараларды өткізуге рұқсат берілді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #Оқиға #СҚО ПД # әйелін атып өлтірді
Последние новости
ТОП новости
Экопарк «Qyzyljar», аквапарк с турецкими инвестициями и международный Sabantui: аким Петропавловска рассказал о ключевых проектах развития города
Развитие
В Петропавловске определят лучших производителей региона: конкурс «Лучший товар Казахстана-2026» пройдет в День города
«Лучший товар Казахстана-2026»
13-летний диджей зажег главную площадь: третий день QYZYLJAR MUSIC FEST прошел под ритмы электронной музыки
QYZYLJAR MUSIC FEST
На предприятии в Петропавловске при взрыве технического масла рабочий получил ожог до 90% тела
ЧП
Объявления