• Главная
  • 1 қыркүйекте елде халық санағы басталады
халық санағы
09:51, 17 мая
Надежный источник

1 қыркүйекте елде халық санағы басталады

халық санағы
1 қыркүйекте елде халық санағы басталады

2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі inform.kz сілтеме жасап

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, санақты өткізу процесі толық автоматтандырылған. Оған заманауи сандық технологиялар енгізіледі. Биыл азаматтарға сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше толтыру немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндіктері ұсынылуда. 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты жұмысын бастайды. Мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады. Дәстүрлі жалпы үй-үйді аралау 1-30 қазан аралығында жүргізіледі.

-Дәстүрлі кезеңнің жаңашылдығы- интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшеттерді пайдалануы болмақ. Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, ЖСН-ді енгізе отырып, санақ мәліметтерінің нақтылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді-деп нақтылады ведомстводан.

Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының ЖСН-ні қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.

Тағы да оқыңыздар: Ветеринар мамандар 5 тонна өнімді саудалауға рұқсат бермеді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #халық санағы # қыркүйекте халық санағы басталады

Комментарии

Объявления
live comments feed...