
жазғы демалыс
17:00, 17 мая 2021 г.
Надежный источник
Демалыс лагерьлерінің ашылуы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады
жазғы демалыс

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков балалардың жазғы демалысын дайындау мен ұйымдастыруды жеке бақылауына алды. Биыл Петропавлда 23367 оқушыны қамту жоспарланған, деп хабарлайды7152.kz тілшісі.
Жазғы демалыс-бұл тек балалар лагері ғана емес, сондықтан қала әкімі мектептің спорт алаңдарының жағдайына жеке тоқталып, олардың әрқайсысын тексеруді тапсырды. Сондай-ақ спорттық жарыстар мен турнирлер өткізу үшін аула клубтарының жұмысын ұйымдастыру қажеттігін еске салды.
Балалардың демалыс және сауықтыру лагерьлерінің ашылуы эпидемиологиялық жағдаймен тығыз байланысты. Әзірге 17 маусымға жоспарланып отыр. Лагерьлер жаздың соңына дейін балаларды бес рет қабылдамақ. Маусым 10 күнге шақталған. 23367 оқушы Петропавл маңындағы «Ақ қайың» мен «Достық» балалар лагерьлерінде демалады. Қазір бұл демалыс орындарында дайындық жүргізіліп жатыр. Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков демалыс лагерьлерінің дайындығын өз бақылауына алды. Шаһар басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ педагогикалық ұжымды іріктеуге және корпустардың санитарлық жағдайына ерекше назар аударуға шақырды.
Тағы да оқыңыздар: Мектепке алып келуге тыйым салынған заттардың тізімі жасалды
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Мобильная академия приехала в СКО: руководители полиции проходят курс повышения квалификации
Закон и порядок
19:05
Вчера
Безопасность детей — общая задача: в Петропавловске обсудили профилактику правонарушений среди подростков
Закон и порядок
18:22
Вчера
«Плюс 25% к чеку»: в Петропавловске вскрыли схемы завышения цен на социально значимые товары
Ценообразование
15:29
Вчера
13:48
Вчера
ТОП новости
Объявления
18:00, 23 июня
12:21, 14 сентября
11:20, 10 сентября