• Главная
  • Өңірде құтырма ауруының 9 ошағы тіркелді
құтырма ауруы
11:55, 20 мая 2021 г.
Надежный источник

Өңірде құтырма ауруының 9 ошағы тіркелді

құтырма ауруы
Өңірде құтырма ауруының 9 ошағы тіркелді

Облыста құтырма ауруының 9 ошағы тіркелді. 6 аудандағы 6 елдімекенге шектеу енгізілді. Таяуда тағы үш ауыл карантинге жабылады. Ірі-қараға вакцина салына бастады. Ресми мәліметке сүйенсек, әзірге тек 6 сиырдан ауру анықталған. Бірақ құтырма жұқтырған мал саны бұдан да  көп болуы мүмкін,деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Көпшілік құтырманың үй жануарларына түлкілерден жұққан деп отыр. Мәселен, Қызылжар ауданына  қарасты Новокаменка ауылының маңында ағаш көп. Тұрғындардың айтуынша, қыста қалың қардың кесірінен азық тауып жей алмаған жабайы аңдар ауыл маңын торуылдапты.

-Көршінің итінің тамағына барған. Сосын екеуі төбелесіп, мұрынның үстін тырнап алыпты. Кейін итіміз ауырды. Бос жүрген еді. 2-3 күн жүрді де ешнәрсеге шамасы келмей құлады – дейді ауыл тұрғыны  Қарашаш Есетова.

Аталмыш ауылда бірнеше ит осылай ауырып өліпті. Алайда біреуінен ғана сараптама алынып, ауру расталған. Қызылжар ауданы бойынша 700ден астам қаңғыбас ит ұсталды. Төрт түлік әзірге аман. Ауру тіркелген елдімекендердегі 53 мыңдай ірі қараға вакцина салынбақ. Новокаменка тұрғындарының барлығы мал өсіреді. Жақын күндері ауылда шектеу шаралары енгізілмек. Жағдай тұрақталғанша елді мекеннен ет-сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынады

Тағы да оқыңыздар: Петропавлда 45 жастағы әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлады

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #құтырма ауруы #ауылдар карантинге жабылды

Комментарии

Объявления
live comments feed...