• Главная
  • 13 жастағы бала бақшадан ескі граната тауып алды
СҚО ПД
15:21, 24 мая 2021 г.
Надежный источник

13 жастағы бала бақшадан ескі граната тауып алды

СҚО ПД
13 жастағы бала бақшадан ескі граната тауып алды

Қызылжар ауданында анасымен картоп егіп жүрген 13 жастағы бала бақшадан ескі граната тауып алды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданындағы ауылдардың бірінде картоп егіп жүрген 13 жасар бала тот басқан гранатаға ұқсас зат тауып алған. Қасында жүрген анасына көрсетіп, ол көршісіне апарып көрсетуге кеңес берген. Ер адам қауіпті затты абайлап жерге қойып, бірден полицияға хабарлапты. Жарылғыш затты әкетуге мамандар келгенге дейін, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері граната жатқан жерді қоршауға алып, 500 метрдей радиустағы үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерге эвакуациялады. Қауіпті зат арнайы контейнерге орналастырылып, зерттеуге жіберілді. Кейін граната әскери бөлімнің полигонында жойылады.

-Табылған заттың граната екені анықталды. Біздің болжамымыз бойынша ол Миллс жарықшақты гранатасы. Мұндай жарылғыш зат Бірінші Дүниежүзілік және Азамат соғысында қолданылған. Сыртын тот басқан, таңбасы көрінбейді. Тұтандырғышы болмағанымен, ішіндегі заты қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан осындай ескі қару-жарақ тапқанда тиіспей, полицияға хабар берген жөн, - дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #ескі граната табылды

Комментарии

Последние новости
ТОП новости
Бюджетные деньги освоены, а пунктов временного содержания животных в СКО как не было, так и нет
Содержание животных
В родные стены – с золотой медалью: в Петропавловске встретили чемпиона мира Айдоса Султангали
Спорт
Проверка на совместимость: казахстанским парам могут предложить бесплатное генетическое тестирование
Наука
Куда исчезли ёлочки, высаженные горожанами этой весной возле Мещанского леса на окраине Петропавловска
Озеленение
Объявления