
COVID-20019
11:50, 25 мая 2021 г.
Надежный источник
Алексей Цой елімізде коронавирустың таралуы бойынша 3 жаңа болжамын айтты
COVID-20019

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің онлайн-отырысында елдегі вакцинация белсенділігін ескере отырып, эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірнеше болжамын айтты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Министр 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларына арналған болжамын ұсынды. Оның сөзінше, пессимистік сценарий бойынша вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 60 пайыз болса, маусым-қыркүйек айларында ауру жұқтырғандар шамамен 95 000 адамды құрайды. Реалистік сценарий бойынша вакцинация тиімділігі кем дегенде азаматтардың 80 пайызын құраған кезде, коронавирус жұқтырғандар шамамен 65 000 адамды құрайды. Оптимистік сценарий бойынша азаматтардың кем дегенде 90 пайызы вакцина салдырса, ауру жұқтырғандар саны шамамен 61000 адамды құрайды.
Министрдің айтуынша, Қазақстан қазіргі уақытта коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша «сары» аймақта орналасқан.
-Соңғы аптада коронавирус жұқтырған науқастардың саны 4000-ға азайды. Соңғы айда аурудың таралуы 20 пайызға төмендеген. 5 мамырдан бастап бір тәулікте жазылғандар саны ауру жұқтырғандар санынан асып түсті, бұл жағдайдың тұрақталып келе жатқанын білдіреді – деді Алексей Цой.
Тағы да оқыңыздар: Бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылады
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:45
Прокуратура СКО устранила барьер для реализации инвестпроекта стоимостью 2,5 млрд тенге
Защита собственности
17:00
Комплексный подход к профилактике: в СКО усиливают борьбу с семейно-бытовым насилием
Профилактика семейно-бытового насилия
16:07
14:56
11:43
В автобусах Петропавловска развернули мобильные посты безопасности: полиция и ДЧС предупреждает о сезонных угрозах
Общественная безопасность
10:52
Объявления
18:00, 23 июня
04:57, 26 июня