• Главная
  • Тағы да шектеу шаралары енгізіледі
жаңа қаулы
16:45, 26 мая 2021 г.
Надежный источник

Тағы да шектеу шаралары енгізіледі

жаңа қаулы
Тағы да шектеу шаралары енгізіледі

Облыста эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 27 мамырдан бастап шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес СҚО 24 мамырдан бастап «сары» аймақта. Осыған орай бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. 27 мамырдан бастап облыста бірқатар нысанның жұмысы шектелмек.

- бильярд, боулинг, балалардың ойын алаңдары мен жабық нысандардағы аттракциондар, банкет залдары мен компьютер клубтары, аквапарк жұмысын уақытша тоқтатады;

- отбасылық іс-шараларды, еске алу кештерін өткізуге тыйым салынады;

- діни нысандардың ішінде ұжымдық іс-шараларды өткізуге рұқсат жоқ. Таза ауада маска тағып, 4 метр ара қашықты сақтап қана жиналуға болады;

- мәдениет нысандарында жеке, топтық дайындықтарды 30 адамнан асырмай ғана өткізуге рұқсат;

-мектепке дейінгі білім мекемелерінде бала санын 25-тен асырмай кезекші топтар ғана жұмыс істейді. Балалардың түзету кабинеттері, түрлі білім орталықтары алдын ала жазылу бойынша адам санын 15-тен асырмай ғана жұмыс істейді;

- жексенбі күні жеке кабиналары бар моншалар мен сауналардың жұмысы шектеледі;

-спорт іс-шаралары адам санын 15 %-дан, театр, кинотеатрлар, концерт залдары сыйымдылығына байланысты көрермен санын 20 %-дан асырмай ғана жұмыс істейді; - қызметкерлердің 50 %-ы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі. COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өткен ұйымдар, кеңселерге бұл талаптың қатысы жоқ.

-қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты сағат 24.00-ге дейін қысқарады; «Ashyq» жобасына қатысушыларға бұл шектеулердің қатысы жоқ. Олар «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыстарын жалғастыра бермек.

Тағы да оқыңыздар: «Казпошта» АҚ СҚО бойынша филиалында жаңа директор

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #«Ashyq» мобильді қосымшасы #жаңа қаулы #карантин
Последние новости
ТОП новости
Экопарк «Qyzyljar», аквапарк с турецкими инвестициями и международный Sabantui: аким Петропавловска рассказал о ключевых проектах развития города
Развитие
От них зависит здоровье человечества: в Петропавловске отметили лучших ветеринаров и животноводов
Герои своего дела
В Петропавловске определят лучших производителей региона: конкурс «Лучший товар Казахстана-2026» пройдет в День города
«Лучший товар Казахстана-2026»
13-летний диджей зажег главную площадь: третий день QYZYLJAR MUSIC FEST прошел под ритмы электронной музыки
QYZYLJAR MUSIC FEST
Объявления