• Главная
  • Петропавлда екі азамат пневматикалық қарудан жарақат алды
СҚО ПД
15:40, 28 мая 2021 г.
Надежный источник

Петропавлда екі азамат пневматикалық қарудан жарақат алды

СҚО ПД
Петропавлда екі азамат  пневматикалық қарудан жарақат алды

СҚО полиция департаменті баспасөзінің мәліметінше оқиға мамырдың 27сі түнде орын алған.  Бұл жайында полицейлерге дәрігерлер хабарлапты. Ақ халаттылар пневматикалық қарудан жарақат алған екі қала тұрғыны жүгінгенін айтқан. Денеде тұрып қалған оқтар  алынғаннан кейін тұрғындар үйлеріне жіберілді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Криминалдық полиция бөлімінің мамандары аталған факті бойынша тексеріс жүргізді. Нәтижесінде белгілі болғандай, азаматтар «Borner» газбаллон пневматикалық тапаншасынабайсыз қолданған. Зардап шекендер,пистолетті өздерімен бірге балық аулауға барған кезде ала шыққан. Айтуларынша, қарудыңоқталмағанына сенімді болыпты.

-Калибрі 4,5 мм-ден аспайтын пневматикалық қару тіркеуге жатпайды.Алайда кез келген қаруды қолданған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет, — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы полиция майоры Құрман Мусин. - Ережелер қарапайым: қару-жарақты оқтаулы күйде ұстамаңыз, оны ешқашан адамға бағыттамаңыз. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін полицейлер қару иелеріне тұрақты түрде тексеру жүргізеді, оны сақтау, тасымалдау және пайдалану жағдайларына бақылауды жүзеге асырады.

Тағы да оқыңыздар: Биыл облыс ауылдарының 83,5 проценті таза ауыз сумен қамтылады

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #екі азамат пневматикалық қарудан жарақат алды

Комментарии

Объявления
live comments feed...