• Главная
  • Боранды күні інісін құтқарған жігіт марапатталды
СҚО ПД
11:18, 2 июня 2021 г.
Надежный источник

Боранды күні інісін құтқарған жігіт марапатталды

СҚО ПД
Боранды күні інісін құтқарған  жігіт марапатталды

Полицейлер ақпан айында боранды күні інісін құтқарып қалған 18 жастағы жігітті марапаттады, деп хабарлайды 7152.kzтілшісі.

Есіл ауданы полиция бөлімінің басшысы Ерлік Есләмбеков Бірлік ауылына барып, 18 жастағы Ернияз Әшкенді марапаттады. Ол қыста боранды күні інісін құтқарған еді. Оқиға ақпан айында болды. Ернияз атқа жегілген шанаға мініп, 7 жастағы інісімен Есіл өзені жақта жүрген жылқыны қайыруға ауыл сыртына шыққан. Біраздан кейін боран күшейіп, қайтар жолды таба алмай, адасып кетеді. Балаларды іздеуге ауыл тұрғындары, полицейлер, құтқарушылар және қорықшылар шықты. Ағасы мен інісі түн ортасында, тек 6 сағаттан кейін ғана табылды.

-Ернияздың ісіне тәнті болдық. Ол үстіндегі қалың киімін шешіп, інісіне кигізіп, арқасына мінгізіп алыпты. Екі бала да шаршаған, тоңған, тіпті сөйлеуге әлдері келмеді. Сол күні боран басталғанда мінген аттары беті ауған жаққа ала қашқан. Сондықтан балалар түсіп қалып, ауылға жаяу бармақ болған, - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Есләмбеков.

Ернияздың айтуынша, олар қатты тоңған. Жылынып, демалу үшін қарды үңгіп, ішіне кіріп жылынбақ болған. Ауданның полицейлері балалардың ісін көпке үлгі етіп, алғыс хатпен марапаттады.

Тағы да оқыңыздар:Бір үйдің екі баласы суға кетті

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #полицейлер 18 жастағы баланы марапаттады

Комментарии

Объявления
live comments feed...