• Главная
  • 67 жастағы зейнеткер Петропавлдан Алматыға велосипедке мініп аттанды
марафоншы
12:03, 3 июня
Надежный источник

67 жастағы зейнеткер Петропавлдан Алматыға велосипедке мініп аттанды

марафоншы
67 жастағы зейнеткер Петропавлдан Алматыға велосипедке мініп аттанды

Петропавлдық қария ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай велосипедке мініп, Алматы төріне аттанды. 67 жастағы Қазыбек Кәкімұлы оңтүстік астанаға дейін қос доңғалақты көлікпен 14 күннің ішінде жетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Қазыбек Бекеев Аққайың ауданы Аралағаш ауылының тумасы.Бала кезден спортқа жақын Қазыбек Кәкімұлы 2000 жылдардан бастап жеңіл атлетикаға бет бұрып, халықаралық марафондарға қатыса бастаған екен.

-Үлкен-үлкен жарыстарға қатыстым. Ең жақсы жарысым 2014 жылы Ресейде абсолюттік біріншілікте ерлер арасында екінші орын алғанмын. Тағы да 34 қабатқа жүгіріп шықтық. Онда да дайындалмастан естіп кіріп, абсолюттер арасында 4 орын алдым. Онда 50 жасқа дейін болды. Ал мен 66 болдым. Мені жібергісі келмеді. Сен өте алмайсың, үлкен кісісің деп. Түркияда болым екі рет марафонда- дейді Қазыбек Бекеев.

Былтыр Қазыбек Бекеев Нұр-Сұлтаннан арнайы тапсырыспен велосипед сатып алып,500 шақырым қашықтықты қос доңғалақты көлікпен жүріп өтті.Ал биыл Алматы қаласына аттанып отыр. Жерлесіміз орташа 30 км/сағат жылдамдықпен күніне шамамен 200 км-ден астам жол жүруді жоспарлаған.  

-Балаларым қарсы болды негізі. Әке Алматыға барғың келсе билет алып берейік ұшақпен барып кел деп. Енді олар аяп тұрғын шығар мені. Қиын болады деп. Бірақ, достарым білетін кісілер риза болды. Енді балаларым да бұрылып жатыр. Жаңа хабарласты. Таңертең кіші қызым Америкадан хабарласып, жарайды Әке сапарын оң болсын, барып кел деп. Міне жаңа үлкен қызым хабарласты. Ризамын! – дейді сапарға соңғы дайындығын пысықтааған жерелсіміз.

Жерлесіміз алыс сапарға, яғни 1800 шақырым жолға өзімен бірге киім-кешек, жатын қап, сусын мен тамақ алыпты. Қарияны шығарып салуға жақын достары келген. Велосипедші қария Алматыға Петропавлдағы Тәуелсіздің стелласы маңынан аттанды.

Тағы да оқыңыздар:Қала тұрғыны пәтерінде 20 түп марихуана өсірген

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #марафоншы #қария Петропавлдан Алматыға велосипедке мініп аттанды

Комментарии

Объявления
live comments feed...