СҚО ПД
18:01, 6 июня
Надежный источник

Балықшы қария құтқарылды

СҚО ПД
Балықшы қария құтқарылды

Бескөл ауылының 70 жастағы тұрғыны балық аулауға шығып, қатты желдің салдарынан қайығымен жағадан алыстап кеткен. Ер адамды ауылдан қашық жерден, қалың қамыс арасынан полицейлер мен құтқарушылар аман-есен тапты, деп хабарлайды 7152.kzтілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданы Бескөл ауылының 70 жастағы тұрғыны Сергей Косенко туыстарын ескертпей, таңертең көлге кетіп қалған. Тек кешке жақын зейнеткер балаларына телефон арқылы хабарласқан. Ер адам қайықпен көлдің ортасына кетіп, бағытынан адасып кеткенін айтқан. Сондай-ақ немересіне көлдің Аққайың ауданы Дайындық ауылына жақын жерде екенін айтып үлгерген, кейін телефонының қуаты таусылып, байланыс үзіліп кетеді. Сол күні басталған жаңбыр мен қатты жел туыстарын әбігерге салған. Өздігінен қарияны таба алмайтынына көз жеткізген балықшының немерелері «112» номеріне хабарласып, көмек сұраған. Аққайың ауданының учаскелік полиция инспекторы мен ТЖД қызметкерлеріадасып кеткен ер адамды іздеп табуға жәрдемдесті.Іздеу тобы қызметтік автокөлігімен көл жағасын аралайды. 5 сағат бойы жағаға шыға алмай адасқан зейнеткер қамыс арасынан көрінген жарықты байқап, жағалауға қарай бет алыпты. Қатты тоңған ер адамды жағалауда туыстары күтіп алды.

Тағы да оқыңыздар:Солтүстікте ауа температурасы төмендейді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #СҚО ТЖД #балықшы құтқарылды

Комментарии

Объявления
live comments feed...