вакцинация
17:56, 7 июня 2021 г.
Надежный источник
Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін 42 171 адам салдырды
вакцинация
Өңірде коронавирусқа қарсы иммундау жұмысы бәсеңдеп қалды. Оған тұрғындардың белсенділігінің төмендеуі себеп. Күніне 650 адам ғана вакцина салдырады екен, деп хабарлайды 7152. kz тілшісі.
Облыстағы вакцинациялау үрдісі жайында өңірлік коммуникациялар қызметі орталығындаөткен брифингте айтылды. Жалпы облыста вакцина жеткілікті. Екпенің бірінші компоненті 37 мыңға жуық болса, екінші компоненті 26 мыңнан асады. 1 ақпаннан бастап өңір тұрғындарының 1-ші компонентін 75 мың 739адам қабылдаса, екпенің екі компонентін де салдырғандар саны 42 171 адам. Жалпы қазіргі кезде облыста 78 адаминфекциялық стационарда ем қабылдауда, оның 17сі реанимация бөлімінде жатыр.
-Өңір тұрғындарын иммундау жұмыстарын 2021 жылдың қыркүйек айында аяқтаймыз деп жоспарлаған едік. Алайда, қазіргі таңда вакцина салдыру бәсеңдеген. Солтүстікқазақстандықтарға айтарым, вирус жұқтырып, ауыр халде жатқан адамдар бар. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығы маңызды болса, міндетті түрде вакцина қойдырған жөн,-деді брифингтеСҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов.
Тағы да оқыңыздар: COVID-19-бен ауыратын қазақстандықтарды өзін-өзі оқшаулауды бұзғаны үшін жазалайтын болады
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Педагог высшей категории из Петропавловска о дошкольном образовании
Послание Президента
13:00
Депутаты – это голос народа: форум депутатов маслихатов всех уровней прошел в Астане
ІІ республиканский форум депутатов
17:08
Вчера
16:13
Вчера
15:16
Вчера
Объявления
12:51, Вчера
live comments feed...
Комментарии