• Главная
  • Есіл ауданында 8 жастағы қыз жоғалып кетті
СҚО ПД
15:06, 9 июня
Надежный источник

Есіл ауданында 8 жастағы қыз жоғалып кетті

СҚО ПД
Есіл ауданында 8 жастағы қыз жоғалып кетті

Қайғылы оқиға Есіл ауданының Покровка ауылында орын алды. Алдын-ала болжам бойынша, қыз бала Есіл өзеніне батып кетуі мүмкін деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

8 жастағы қыз кешке үйге оралмағасын, әжесі іздей бастайды. Ол ауылға жазғы демалысқа келіпті.

- Немересінің жоғалғанын қария  учаскелік инспекторға хабарлады. Өз кезегінде тәртіп сақшысы еріктілер мен құтқарушыларды қосып, баланы іздеуге шығады. Нәтижесінде Есіл өзені жағасында, ауылдан шамамен 500 метр жерде қыздың киімдері табылды. Күндіз қыз бала өзімен жасты  немере ағасымен ойнапты.  Үйге оралған бала ата-анасына әпкесінің қайда екендігін түсіндіріп айта алмады.  Кейін бала бірге  өзенге шомылғандарын, қызды ағыс алып кеткенін айтты-дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Еслямбековтың айтуынша,іздеу жұмыстары түнде де жүргізілген. Қазір өзенде сүңгуірлер жұмыс істеуде.

Тағы да оқыңыздар:Клиенттерді тексерместен шағын несиелерді беруге тыйым салынады

##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #8 жастағы қыз жоғалды
0,0
Оцените первым
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Объявления
live comments feed...