• Главная
  • СҚО тұрғынының көлігінен 5 кг марихуана тәркіленді
СҚО ПД
15:05, 10 июня 2021 г.
Надежный источник

СҚО тұрғынының көлігінен 5 кг марихуана тәркіленді

СҚО ПД
СҚО тұрғынының көлігінен 5 кг марихуана тәркіленді

Қызылжар ауданының тұрғынынан 5 кг жуық марихуана табылып, тәркіленді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданының 40 жастағы тұрғыны Петропавл қаласына келген. Полицейлер оның «Subaru Legacy» автокөлігінің жүксалғышынан өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктектес зат салынған, скотчпен оралған полимерлі пакетті тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол 4 кг 960 гр кептірілген марихуана екені анықталды. Бұл – аса ірі көлемге жатады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

-Қазіргі уақытта ұсталған адамның есірткі сатуға қатыстылығы тексерілуде. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шараларын жүргізу барысында Бескөл аудан орталығында өсімдік тектес заты бар тағы екі полимерлік түйіншек пен таразы тәркіленді. Алынған зат сот-химиялық сараптамаға да жіберілді. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, - деп хабарлады СҚО ПД басқарма бастығы Жандос Басыбаев.

Тағы да оқыңыздар: Ауыл тұрғынынан қолдан жасалған гранаталар тәркіленді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #есірткі бизнесі #марихуана

Комментарии

Объявления
live comments feed...