
СҚО ПД
10:28, 15 июня 2021 г.
Надежный источник
Полицейлер күнде кем дегенде 4 мас жүргізушіні анықтайды
СҚО ПД

Жыл басынан мас күйінде көлік басқарған 415 жүргізуші ұсталды. Полицейлер күнде ең кем дегенде 4 мас жүргізушіні анықтайды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда кешкі сағат 20.00 шамасында Крепостной және Н.Назарбаев көшелерінің қиылысында «Toyota Camry» автомашинасы тоқтатылды. Оның 39 жастағы жүргізушісінен спирттік ішімдіктің өткір иісі шығып тұрған. Медициналық сараптама оның мас екенін растады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша материал жиналды. Сот шешімімен келесі күні ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Оған ендігі жеті жыл көлік басқаруға тыйым салынды.
-Мас жүргізуші өзінікін ғана емес, басқа адамдардың да өмірін қатерге тігеді. СҚО-да 5 айдың ішінде спирттік ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген жүргізушілердің кінәсінен екі адам қаза тауып, 15-сі жарақат алды. 17 мамырдан облыста «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатқан төрт аптада облыс жолдарында 119 мас жүргізуші тоқтатылды,- дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.
Тағы да оқыңыздар: Ел аралап, ұрлық жасаған жігіт ұсталды
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Прокуратура СКО устранила барьер для реализации инвестпроекта стоимостью 2,5 млрд тенге
Защита собственности
17:00
Комплексный подход к профилактике: в СКО усиливают борьбу с семейно-бытовым насилием
Профилактика семейно-бытового насилия
16:07
14:56
11:43
В автобусах Петропавловска развернули мобильные посты безопасности: полиция и ДЧС предупреждает о сезонных угрозах
Общественная безопасность
10:52
В СКО пьяный пассажир перевернувшейся «Лады» избил приехавшую его спасать медсестру
Безопасность дорожного движения
09:51
Объявления
18:00, 23 июня