• Главная
  • Коронавируспен күреске атсалысқан дәрігерлерге төлемақы беру жалғасады
төлемақы
17:43, 18 июня
Надежный источник

Коронавируспен күреске атсалысқан дәрігерлерге төлемақы беру жалғасады

төлемақы
Коронавируспен күреске атсалысқан дәрігерлерге төлемақы беру жалғасады

Үкімет осы мақсатқа қосымша 71,5 миллиард теңге бөледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын жүрек" ескерткішінің ашылу рәсімінде айтты деп хабарлайды 7152.kz тілшісі  Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде мемлекет тарапынан дәрігерлер мен жалпы медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған ынталандыру шаралары топтамасы қабылданғанын айтты.

-Коронавируспен күреске атсалысқан дәрігерлерге төленетін тек үстемеақы мен сақтандыру жәрдемақылары үшін 180 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Үкімет биылғы қазан айына дейін төлемақы беруді жалғастыру үшін осы мақсатқа қосымша 71,5 миллиард теңге бөледі. Біз дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыруды бастадық. Бұл үрдіс жалғаса береді, – дейді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, президент медицина қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қорғаудың тиімді жүйесін құру маңыздылығына назар аударды.

-Бұл жүйеде ауылдық жерге келген мамандарға міндетті түрде тұрғын үй беру, біржолғы жәрдемақы төлеу және басқа да жеңілдіктер қамтылған. Мұндай шаралар облыстар мен қалалар әкімдерінің белсенді атсалысуымен еліміздің барлық өңірінде қабылдануға тиіс, – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күреске зор үлес қосқан медицина қызметкерлеріне арнап қойылған «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты. Ескерткіш елорданың сол жағалауында Алматы мен Ақмешіт көшелерінің қиылысындағы жаңа саябақтың аумағында орналасқан.

Тағы да оқыңыздар: СҚО-да пара алған полицейлерге қатысты сот үкімі шықты

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #төлемақы #Президент

Комментарии

Объявления
live comments feed...