• Главная
  • Аққайың ауданында мас ер адам танысының көлігін мініп кетті
СҚО ПД
14:56, 19 июня
Надежный источник

Аққайың ауданында мас ер адам танысының көлігін мініп кетті

СҚО ПД
Аққайың ауданында мас ер адам танысының көлігін мініп кетті

Ауыл тұрғыны мас күйде танысының көлігін мініп кеткен, деп хабарлайды 7152.kzтілшісі.

Аққайың ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Смирнов елді мекенін патрульдеу барысында көшеде «Volkswagen Passat» автокөлігін байқайды. Полицейлерді көрген жүргізуші көлік шамдарын сөндіріп, үй ауларының бірінде жасырынуға тырысқан. 34 жастағы жергілікті тұрғын рульге мас күйінде отыған. Тексеру барысында «Volkswagen» автокөлігі оның танысынікі болып шықты. Көлік иесі спирттік ішімдік ішкен соң, машинаға отырмай, оны аулаға қалдырып кеткен. Ал мас досы көлікпен «серуендемекші» болған. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бабы бойынша енгізілді.

-Ер адам мас күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік сотпен 15 тәулікке қамалды және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Мас жүргізушілерді анықтап, олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Жалпы жыл басынан ауданда көлікті мас күйде басқарғаны үшін 22 адам ұсталды, - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаров.

Тағы да оқыңыздар: Айыртау ауданы әкімі болып Ерболат Бекшенов тағайындалды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД#мас жүргізуші

Комментарии

Объявления
live comments feed...