• Главная
  • Учаскелік инспекторларға жаңа көліктер берілді
СҚО ПД
17:13, 22 июня
Надежный источник

Учаскелік инспекторларға жаңа көліктер берілді

СҚО ПД
Учаскелік инспекторларға жаңа  көліктер берілді

Облыстағы жергілікті полиция қызметінің автопаркі 86 жаңа көлікпен толықты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

86 отандық автокөлік облыстық бюджет есебінен лизингілік қаржыландыру аясында сатып алынды. Барлық көліктер учаскелік полиция инспекторларының жұмысына арналған. Сатып алынған көліктердің басым бөлігі ауылдарға жіберіледі. Елді мекендерде бір учаскелік полиция инспекторы бірнеше ауылға қызмет көрсетеді. Әкімшілік учаске 100 шақырымға дейін созылуы мүмкін.

-Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басымдықты міндет. Материалдық-техникалық базаны жақсарту және заманауи техникалармен жабдықтау оң нәтижелерін беріп жатыр. Соңғы 5 жылда қылмыс санының азайғанын байқаймыз, - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Қазақстан полициясы күні қарсаңында өңір басшысы жұмыста жоғары көрсеткіштермен ерекшеленген қызметкерлерге грамоталар мен алғыс хаттар табыстады.

-Президент өз Жолдауында жұмыстың сервистік моделіне көшу аясында «жұртқа жақын полиция» қағидатын жүзеге асыру міндетін қойды. Яғни учаскелік полиция инспекторының жауапкершілігі артады, алайда оның нәтижелі жұмысы үшін барлық мүмкіндіктер жасалуы керек. Осы тапсырманы орындау үшін өңірде қызметтің бұл түрін материалдық-техникалық жағынан нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл өз кезегінде полицейлердің мобильді болуына ықпал етеді, - деді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.

СҚО-да 289 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді. Жыл басынан олар 800-ден астам қылмыстың бетін ашып, 30 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады. 6220 адам учаскелік полиция инспекторларының профилактикалық есебінде тұр. Учаскелік полицейлердің басым бөлігі видеожетондармен және планшеттермен жабдықталған. Бұл, жұмысты барынша тиімді, жедел және ашық етеді.

Тағы да оқыңыздар: Президент: Қазақстаннан соғысқа аттанған әрбір екінші жауынгер майданда қаза тапты

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #жаңа көліктер #учаскелік инспекторлар

Комментарии

Объявления
live comments feed...