• Главная
  • 40 адам қайыр тілегені үшін жауапқа тартылды
СҚО ПД
12:10, 24 июня 2021 г.
Надежный источник

40 адам қайыр тілегені үшін жауапқа тартылды

СҚО ПД
40 адам қайыр тілегені үшін жауапқа тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер үш күн бойы ойын-сауық орындарын, сауналарды, құрылыстарды, шаруа және фермер қожалықтарын және адам саудасына, жыныстық және еңбек қанауына байланысты қылмыс ықтималдығы жоғары басқа да орындарды тексерді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

М.Жұмабаев ауданында полиция қызметкерлері ел аумағында құжатсыз және тіркеусіз жүрген шетелдік азаматты анықтады. Ол жеке басын анықтағанға дейін Қабылдау-тарату орнына қамалды.

Қайыр тілегені  үшін 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер жеңгетайлықтың бірнеше фактісін анықтады. Олар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

-Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» қылмыстық бабының екі бөлігі бойынша фактілер енгізілді. Күдіктілердің қатарында жалға алушы және үш саунаның әкімшілері бар, онда ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсету фактілері тіркелген, - деді қылмыстық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Тағы да оқыңыздар: Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін 311 мың солтүстікқазақстандық вакцина алу қажет

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #жеңгетайлық #заң бұзушылық #ел аумағында заңсыз жүргендер

Комментарии

Объявления
live comments feed...